біздің ата-бабымыз ежелгі заманда көшпенділер болған.Яғни олар мезгіл ауысқан сайын өздерінің киіз үйін жинап қолайлы жерге тұру үшін жер іздеген.Біз көшпенділірдің ұрпағымыз.
Көшпенділер бізге өздерінің жерін елін бізге мұра етіп қалдырды.Сондықтанда біз солардың қалдырған мұрасына қиянат жасамауымыз қажет.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды.
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған. Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.
Анама жаңа жылда қандай сыйлық силасам екен,- деп қазірден ойланып жүрмін. Қазір сатып алам десең сыйлық көп қой. Бірақ, оларды мен сатып алу үшін ақшаны анамнан не әкемнен алуым керек. Сонда ол қалай болады? Менің оларды алдағаным ба, әлде өзімді өзім алдағаным ба? Енді не істемекпін, өзім қолдан жазағаным дұрыс болады ма екен? Ия, ең дұрысы сол болар. Менің анам көптен бері үйге гүл өсіргісі келіп жүр. Мен анам жақсы көретін гүлді горшокқа өзім өсіремін. Мен солай шештім. Осы ең тамаша сыйлық болады деп ойлаймын. Егер жақсы өссе анам қатты қуанар еді. Анамның қуанғаны мен үшін зор бақыт.
біздің ата-бабымыз ежелгі заманда көшпенділер болған.Яғни олар мезгіл ауысқан сайын өздерінің киіз үйін жинап қолайлы жерге тұру үшін жер іздеген.Біз көшпенділірдің ұрпағымыз.
Көшпенділер бізге өздерінің жерін елін бізге мұра етіп қалдырды.Сондықтанда біз солардың қалдырған мұрасына қиянат жасамауымыз қажет.