Спорт туралы.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналысады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?
"Қазтуғанның қонысымен қоштасуы" атты шығарманың бұл үзіндісінен күйіну, қорқыныш, алаңдаушылық сезіледі. Яғни, автор басқа қоныс іздемесек, келер ұрпақтың күні қараң боларын, өзгелерге құл боларын ескертеді. Қонысты ауыстырам деп ырысымнан да айырыламын ба деп уайымдайды. Шығарманың эстетикалық құндылығы мазмұнынан да, келісті әсем сөздерден де айрықша сезіледі. Автордың нені меңзеп отырғаны түсінікті.