Мамандық туралы диалог
- Әне – міне дегенше, оқу жылы да аяқталып, ұлттық бірыңғай тестілеуге де санаулы күн қалыпты...
- Соны айтсай, өз басымда аздап қорқыныш пен қобалжу бар. Сенің дайындығың қалай?
- Жалпы, жаман емес десем де болады. Негізгі пәндер бойынша өз бетіммен дайындалып, ал бейіндік пән бойынша мұғаліммен қосымша дайындалдым. Өз біліміме сенімдімін.
- Ал сен қандай мамандық таңдап едің?
- Мен болашық дәрігер болуды армандаймын. Адамдардың өміріне араша түсіп, бар білімімді медицина саласына арнағым келеді.
- Бәрекелді, ал сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар ғой. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Ал менің бала күннен арманым – дәрігер болу, себебі дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
- Дұрыс айтасың. «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз.
- Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
- Жақсы, досым. Ендеше саған тек сәттілік тілеймін, ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, арманыңа қол жеткіз!
- Көп рахмет!
і.бөлмемнің і.ұстаздың кітапхананың асхананың
б.бөлмемге б.ұстазға кітапханаға асханаға
т.бөлмемді т.ұстазды кітапхананы асхананы
ж.бөлмемде ж.ұстазда кітапханада асханада
ш.бөлмемнен ш.ұстаздан кітапханадан асханадан
м.бөлмеммен м.ұстазбен кітапханамен асханамен