М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ma4newarita
ma4newarita
29.05.2021 16:41 •  Қазақ тiлi

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді. 1)Кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерін сипаттап, мәтіннен дәлелдер келтіріп жазады.
2)мәтіннің сюжетін сөз тіркестерімен беріңіз

шешімі,дамуи,басталуы

👇
Открыть все ответы
Ответ:
baukovaevgehia2
baukovaevgehia2
29.05.2021

Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып жүрміз бе?! Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме?

Бүгінгі ата-ананың рөлі, расымен-ақ тым төмен түсіп барады. Қолдағы алтынның қадірі жоқ деген. Ата-анасы балам қатарынан қалмасын, қиналмасын, еңсесі тік жүрсын, ауырмай-сырқамай аман жүрсін деп бала жағдайының барлығын жасауға тырысады. Ағаш секілді жемісін де, жапырағын да, бұтағын да, жанын да, тәнін де береді. «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген даналық бар қазақта. Бар айтпақ ойымыз осы сөздердің астарында тұр.

Ал бұл жақсылықтары үшін әке-шеше баладан еш ақы сұрап жатқан жоқ. Ата-ана қадірін оның ең басты бір ғана әрекетінен-ақ түсініп, сыйлауға болады ғой. Олар саған басқа ешкім бере алмаған нәрсені берді. Саған өмір берді. Ол өмірді саған дос та, махаббат та, ұстаз да, ғұлама да бере алмас еді. Алғаш басқан қаз-қадамымыз, былдырлап шыққан алғашқы бала тіліміз, қолыңа шоқ гүл алып, мектепке барған сәтіміз, алтын ұядан түлеп ұшқан кезіміз, осы сияқты әр алуан өмір тынысында ата-анамыз қашанда жанымызда. Олардың орнын басар адам жоқ және болуы да мүмкін емес.

Өмір – сын. А болған соң қиындыққа тап болып, тығырыққа тірелер күндер болады. Осындайда жаныңнан ана мен әкеден басқа табылар жан кемде-кем.

4,7(86 оценок)
Ответ:
Nobd
Nobd
29.05.2021

Менің тұған жерім Қазақстан. Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Халқының саны 17 млн. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны - Қазақстан мемлекеті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұнғыш призидент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, мемлекеттік Туын және әнұранын бекітті.

Қазақстан құқтық мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы - қазақ халқы. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасауда. Ал 1993 жылы қараша айында ұлттық ақша - теңге айналымға түсті. Бірінші бетінде қазақ халқының ұлы адамдары бейнеленген. 2006 жылы қарашаның 15-інде теңгенің жаңа түрі айналымға енді.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы - Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Қазір Астана өте әдемі қала.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар. Бір неше млн. гектар жерді орман алып жатыр.

Қазақ жері - пайдалы кендерге өте бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі, біз Отанымыздың табиғатын сүйеміз!

Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт!  Бүгінгі Қазақстан білімді, дербес, жоғары мәдиниетті, дамыған ел. Гүлдей бер, Қазақстан менің Отаным!

4,5(79 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ