М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
gjkbyf1984
gjkbyf1984
12.07.2021 07:57 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Отбасындағы дәстүр мен мерекелер Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала Қазақстандағы жан -жануарлар мен өсімдіктер әлемі Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдалт, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. - Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы с баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған. Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата- үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпактары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата- аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті. (1 12 сез) - анасына, 1. Бос орындарға берілген сөздердің тиістісін кйып жазыңыз. Сөздер: құрмет көрсету, сәбидіңхалықтың 1) Әрбір ... өзінің дәстүрлері болады. 2) Қазақ халқының аса қадірлі салты - [1] 3) Қазақ отбасындағы үлкен қуаныштардың бірі - ... жаңа емірге келуі. 2. Қазақ халқына тән екі қасиетті белгілеңіз. а) бауырмалдық b) жомарттық с) есепшілдік d) қонақжайлық е) саудагерлік [2] Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Ертеде жылқы Күнге қарап: - 0, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті. Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп. Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалалт жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді. Күте тұр, - дейді Күн күліп,


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Отбасындағы дәстүр м

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Дима51497
Дима51497
12.07.2021

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: 

– Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де, қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса, жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

– Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің, – депті. Сөйтсе, әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: 

– Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Мен сені тексеру үшін айтқан едім. Оны осылайша тексергенімде, ол сен туралы тек жақсы сөздер айтты. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті. 

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/48559/

Объяснение:

4,5(11 оценок)
Ответ:
Barbara7264
Barbara7264
12.07.2021

Әлемдік мәдениет — жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүние жүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады. Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель, Әбу Наср әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М. Қашғари, Ж.Баласағұн шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар адамгершілік ережелеріне халықар. дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары. Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт ата, Асан қайғы сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын толықтырды. Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты. Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет болып табылады. Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүние жүзілік дәрежеге көтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.

Объяснение:

4,4(55 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ