бөлігі ; Казакстанда 10 корык бар . Сонын бірі - Аксу - Жабағылы корыгы . Ол 1926 жылы кұрылды . Аксу - Жабагылы корыгы Шымкент облысының оңтүстік - шыгыс белігінде , ягни Жамбыл облысынын коршілес Кыргыз және Өзбек республикаларынын шекараларымен түйісетін жерде орналаскан . Аталган белдеулердін табигат жагдайлары да эртурл Соган байланысты ол жерлерде осетін өсімдіктер дүниесі де сан алуан . Жасыл желекке оранған бұл одке хайуанаттар дуниесiне де ете бай 2. Катал змiрмен тыйым салынган жерлер сезiне сәйкес келетін ойды аныктаны A ) баска слмен белiнген шекара B ) ғаламшардагы биологиялык эртүрлілік С ) таза табигат кешені D ) коргауга алынган табиги аймак
Шығарма
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты,
Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.
Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,
Отанымызды танып білеміз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының « Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр.
Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен бірдей.
Қазақтың біртуар Абайы «Естілердің айтқан сөздерін есіркеп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған. Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Ана тілімізді мәпелей білуіміз керек. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы.
Опорный орта мектебінің 3 «ә» сынып оқушысы
Байғалиева Ақбота.
Объяснение:
шыгарма дайын