М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hvbdnnd
hvbdnnd
03.02.2023 07:58 •  Қазақ тiлi

Алатау тауы Алатау - жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік- батыс жалғасы. солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік- батысында Іле өзені аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң - терек болып шығатын» бау- бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты - Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты. 1. Мәтінге тірек болатын сөздерді Тау, су, Алатау, мақал-мәтелдер Алатау, Медеу, табиғат d) Іле, Мәтіннен есімдерді теріпщ

👇
Ответ:
minskaya86
minskaya86
03.02.2023

Я не понимаю

..................


Алатау тауы Алатау - жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Қазақстандағы ірі, әрі құрылым
4,8(84 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Davidavid
Davidavid
03.02.2023

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Мақал

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

4,6(11 оценок)
Ответ:
Dufrenb
Dufrenb
03.02.2023

ну ты так должен там қзің құрастырып щя дам мысал

Объяснение:Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әртүрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т.б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т.б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т.б.

6. Әртүрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т.б.

 

Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы, ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т.б.

 

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

 

Тіркесті сөздер әртүрлі сөз табынан жасалады.

 

Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: көк бурыл, күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?

Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?

Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?

Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?

 

Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.

4,8(62 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ