СОСТАВИТЬ 3 ВОПРОСА Егер Кассандра таңбасын қарғыс таңбасы емес, ескерту деп, адамдардың өзін-өзі жетілдіре беруіне серпін берер шартты белгі деп қабылдасақ, бірнеше ұрпақ осы бағытта әрекет етер еді, зұлымдыққа бой ұрмас еді. Тұқым-тектегі кемшілік жойылар еді де, қазіргідей дағдарыстар текке кетпеген болар еді. Бұдан әрі адамдардың ойлау жүйесінде түбірлі өзгерістер жүргізілуі тиіс. Қазір Кассандра шараналар түйсігімен сезіп, зәресі ұша қорқып жүрген тұрмыстағы барлық азғындық пен бұзықтық атаулы келмеске кетер еді. Оның үстіне, санамыздың өзгеріске түсуі адамзаттың аман қалып, өркендей беруінің бірден-бір шарты болмақ.
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді.
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар.
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.
Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның.
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.
Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын.
Сескенбес, сірә, кім сенен;
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от.
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.
Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.
Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от.
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.