Мектеп туралы диалог.
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.
Болымды етістік
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б.
Біз әрқашан да дайынбыз!
Сен бүгін серуендеуге шығасың ба?
Олар сабаққа дайын емес еді
Мынау тұрған менің сүйікті мектебім
Осы жерде бұрын дүкен болатын
Өзім негізі ертерек келген болатынмын
Өзің өскенде кім болғың келеді?
Бұл жаңа смартфонды сатып алған кім?
Қашан сен ақшамды қайтарасың?
Кейбір кезде мен қатты шаршаймын
Кант үшін әлдене — “еш нәрсеге” қарама-қарсы қойылған түсінік, барлық зат туралы ұғым, заттың мүмкіндігі және формальдық шарты.
Құдайға шүкір бізде бәрі бар
Барша келген қонақтарға рахмет айтқым келіп отыр
Ешкім бүгінгі сабаққа дайын емес
Мен бұл мәселе жөнінде ештеңе білмедім