Оқылым -тапсырма. көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың Төменде берілген сөйлемдерді толықтырып оқы. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тап. қауымдастығы. 2. Көшпеліліктің шығуына әсер етті. 3. Далалы, жартылай шөлейт, шөл 1. Көшпелілер өркениеті Табиғатты қадірлеуге мүдделі етті. 5. Көшпелі елдерде «» деген ұғым мүлде жоқ. Қазақстан да кіреді. 4. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, мадақтап жазды. 7. Көне Қытай мен Еуропада «» деген түсінік қалыптасты. 6. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген көшпелі скиф-сақ тайпаларын халық болғандықтан, айналасындағы көршілері олардан қатты 8. Себебі сақтар . қауіптеніп отырды. .. .RO M
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.