М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
derwi
derwi
26.12.2022 03:54 •  Қазақ тiлi

Ұлы адамдар достығы эссе 120 сөз

👇
Ответ:
Kuzenka2003
Kuzenka2003
26.12.2022

Ұлылардың достығы – нағыз достық. Алыптардың достығы деп айтсақ да болады. Қиын шақта бір-біріне сүйеу, ортақ іске қолдаушы болған жандар.  Олардың қызығушылығы мен шығармашылығы да, өмірлік көзқарасы мен істеген істері де – бір. Осындай адамдардың достығына қарап, нағыз достық қандай болу керек дегенге жауап табамыз. Әрі қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады, достықтық заңы қандай екен – оны да түсінеміз.Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандардың достығы – білдей бір мемлекеттің іргесін қалаған ұлы достықтың бірі. Екеуі ағайынды, аталас туыс болса да, алдыңғы орында ара-ағайындығы емес, достығы бірінші тұрған. Керей сұлтан Жәнібекті өзбек ханы Әбілқайыр қарақшыларынан құтқарып, ажалдан алып қалған екен.

4,4(50 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
2зик20
2зик20
26.12.2022

Дәрігер болғым келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

4,5(68 оценок)
Ответ:
вика28121
вика28121
26.12.2022
Дәрігер мамандығы - ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртұрлі сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігергё берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер - tristones(үш жүзді).Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында - әдепті адам, науқастың жанында - періштедей, ал гонорарды талап еткенде - шайтандай. Материалдық қүндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүретіні анық. Сондықтан, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып үнемі қадағалап отырған.
4,5(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ