М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
njjk1
njjk1
03.10.2022 07:28 •  Қазақ тiлi

седьмой класс сделайте вопросы по тексту 4 упражнение 93 страницы и что бы было четыре ответов один из них правельный казахского языка первой части

👇
Открыть все ответы
Ответ:
afver8
afver8
03.10.2022

Объяснение:

Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» ба жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.[1]

4,8(28 оценок)
Ответ:
SakhanovMadiar1
SakhanovMadiar1
03.10.2022

Ұлы Дала. Ғасыр­лар бойы ұрпақ өсір­ген кең-байтақ қазақ жері. Халқымыз оның қадір-қасиетін жақ­сы түсініп, жоғары бағалаған. Ол тек қана біз емген жер емшегі емес, ол біздің Отанымыз, көне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені. Мен қазақпын деп ешкімнен қымсынбай кең жайлап жүретін қасиетті кеңістік.

Қай заманда болса да қазақ халқы өз жерін қасық қаны қал­ғанша қорғай білген. Осыған байланыс­ты бір-екі аңыз бен та­рихи фактілерді айта кетсек артық бол­мас. Сонау көне за­мандардың бірінде қазақ еліне кемеңгер Мәді (Моде) басшы болған деген аңыз бар. Сол аңыз ұрпақтан ұрпаққа айтылып, бүгінгі біздерге жетіп отыр.

Сол басшыға қазақтармен көрші отырған бір елдің патшасы нөкерлерін жіберіп Мәдіден өзінің ең сұлу әйелін және астына мінген тұлпарын беруді талап етеді. Мәді кеңесшілерін жинайды, бөтен елдің басшысының өктем талабын жеткізеді. Кеңесшілері Мәдіге бұлардың талабы бізге көрсеткен қорлық, оны орындауға болмайды, одан да сол елмен соғысқа шығайық деп ақыл айтады. Кемеңгер Мәді біраз ойланып отырып, бір әйелмен бір аттың құнына бола екі ел соғысып, қан төгіскені дұрыс болмас, сұрағанын беріңдер дейді көмекшілеріне.

Осыдан біршама уақыт өткен­нен кейін жаңағы көрші елдің өкіл­дері қайта келіп Мәдіге өз пат­ша­ларының қазақтан бір жер телі­мін талап еткенін жеткізеді. Мәді тағы кеңесшілерін жинайды. Ке­ңесшілері қазақ жері кең-бай­тақ, бір пұшпағын берсек одан тарылып қалмас, бергенің дұрыс д­еп кеңес береді. Кемеңгер Мәді жоқ олай етуге болмайды. Жер мемлекеттігіміздің негі­зі, аз-көп болсын бөтенге жер беру мемлекеттігімізді жоғал­та­ды. Соғыс ашамыз, ұрысқа дайын­далыңдар деп әмір беріп, ата-баба жерінің қадірін білмеген кеңесшілерінің басын алдырады.

Осы аңыз ұрпақтан-ұрпаққа жетіп қазақ халқының өзінің жерін асыл қазына, мұра деп қалай бағалайтынын айқын көр­се­тіп отыр. Шынын айтсақ бұл аңыз емес, бабалар өсиеті, оны орын­дау­­ға да­йын екендігімізді талай көр­­сеттік. Кешегі «ақтабан шұ­бы­рынды, алқакөл сұлама» кезінде қазақтың көп жерін жоңғарлар басып алды, бірақ ел есін жинасымен қазақ батырлары ұзаққа созылған соғыс ашып, сол жерлерді тегісімен қай­тарып алды. Яғни бабалар өсие­тін орындады. Кеше егемендік алған тұсымызда біздердің мекені­міз қазақ жері деген аты болмаса оның басқа елдермен шекарасы ай­тар­лықтай халықаралық шарт­т­ар­мен айқындалмаған еді. Осы­ның ар­қа­сында байтақ жатқан жері­мізге көз тігіп, иемденгісі кел­ген­дері де бол­ды. Оны біздер, еге­мен­дік­тің замандастары, жақсы білеміз.

4,8(75 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ