М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
arturyakovlev1703
arturyakovlev1703
14.06.2021 04:04 •  Қазақ тiлi

Ұрлық Бұрын бір ел болыпты , халкынын бәрi ұры екен . Кеш батса болды , коршiсiнiн үйiне ұрлыкка туседі екен . Ұрылар үйіне келсе , олардын да үйiн де біреулер тонап кететін корiнедi . Ұрылар елi осылайша омір сурiптi . Bua Бiр күнi осы елге бір адал кiсi кешiп келеді . Әлгі адам кештi өз үйінде кітап окумен еткiзедi . Тун болганда ұрлыкка келген ұрылар шамы жанып тұрган уйден адамды кореді де , өз жендерiне кетеді . Осылайша бiраз уакыт отедi . Ендi жұрт адал адамга ренжи бастайды . Адал адам журт тiлегiне карсы келе алмай , ол да кеш бага уйiнен кетіп , тан ата оралып жүредi . Тек журт сиякты урлыкка бармайды . Ол тундi өзен жағасында аспандагы айга , агып жаткан суга карап , көпір үстінде өткізіп жүреді . Танертен үйіне келсе , ұрылар үйін тонал кетеді екен . Біраз уакыттан кейiн адал адам кедейге айналады . Ал ұрлыкпен айналысып жүрген отбасылар байып , ұрлыкпен айналыспайтын болады . Адал адамнын үйiне ұрлыкка тускен ұрылар ештене таба алмай , кедей бола бастайды . Байыгандар адал адам сиякты тунде табигатты тамашалап , кепiр үстiнде жүруді әдетке айналдырады . Осыдан кала халкы бай , кедей болып бөлінеді . Ендi бай адамдар өздері ұрлык iстемейдi , бiрак кедейлерге ұрлык iстетеді . Осылайша байыгандар одан әрі байып , кедейлер кедейлене береді . Бірте - бірте байлар өздері ұрлауды да , өзгелердi урлыкка жалдауды да кояды . Бiрак ендi байлыгын ұрыла корга ойлайды . Содан даса келiп , сак ып , турме салады . Арада біраз жыл өткенде әлгi каланын тұрғындары урлык деген создi ұмытады . Өздерi ұры болса да , ендi олар « бай » , « кедейміз >> дейдi екен . Сонда баягы адал адам гана өзгермеген едi . Бiрак ол да ұзамай өмірден өтіпті . Елдiн айтуына караганда аштан еліпті . Мәтіннен 1 қоғамдық , 1 тұрмыстык , 1әлеуметтік мәселені аныктаңыз .

👇
Открыть все ответы
Ответ:
рома1341
рома1341
14.06.2021

Ақшақар.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

4,6(97 оценок)
Ответ:
kristinanester1997
kristinanester1997
14.06.2021
Жиренше шешен (XV ғ.) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз–Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шғармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. 
Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.
Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілер де бар. 
Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
4,7(75 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ