Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен ешуақытта кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.
Отанды сүю ұғымы туған табиғатқа, отбасына, мектепке, достарына, кітапқа, суретшілер шығармаларына, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игіліктің бәріне деген сүйіспеншілікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біздер ағаштарға, гүлдерге, үй-ішінің тыныштығына деген талпынысымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құрдастарын, үлкендерді құрметтеуді тәрбиелемес бұрын, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.
Объяснение:
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы а ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Мен бір бағалы кітап сатып алдым,ішінде құнды әңгімелер көп екен. Ауылда жұмыс болмаған соң, қызмет бабымен қалаға көштік. Қыс мезгілі, уақыт өте қысқа. Айтқанды істеу, дер кезінде орындау дұрыс. Уақыт аз болғандықтан дәл айтқан мезгілде жете алмадым.
Объяснение: