«Куат көзін үнемдей білеміз бе?», «Астана мәдениет пен өнер ордасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ТЫНДАЛЫМ. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз. Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарык өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатка дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге кайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тагы 7 жел қуатын өндіретін кұрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылык иелері. Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырак. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді. 1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай бос орындарға берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз (құрылғыдан, жел соққанда, кайтарымсыз). А. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге грантқа ие болды. ( ) B. Қазір ауласында турган күніне 3 киловатка дейін электр энергиясын алады. ( ) Е. Секундына 15-20 метр бір кұрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді. ( ) ( ) -тапсырма. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз. ІТЬ ТЫМ. апсырма. Суреттердің көмегімен Елордадағы Қала күні мерекесінің тойлануы туралы досыңызға әңгімелеңіз Сіз жазғы демалыста Елордаға саяхаттап келдіңіз. Бірнеше күн бойы көрікті жерлерін араладыңыз. Елордада өткізген күнідеріңізді аттап, күнделік жазыңыз. Күнделік мазмұнында берілген суреттерді пайдаланыңыз. ек сөздер: Елорда, «Бәйтерек» кешені, қыдыру, аралау, көрікті жерлер, отбасымен бару. ( )
Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.