Өсімдіктер адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Ағаштардың жасыл жапырақтарында пайда болатын фотосинтез процесінің арқасында, тірі ағзаларға тыныс алуға қажетті оттегі өңдіріледі. Сондықтан, өсімдіктерді біздің планетамыздың өкпесі деп атауға болады. Атмосферамыздың 20%-ы оттегіден тұрады, ол болмаса адамдар, жануарлар және құстар тірішілік ете алмай, планетамыз жансыз шөл далаға айналатын еді. Биосфераның маңызды компоненті бола отырып, өсімдіктер экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына, климаттың және топырақтың қалыптасуына әсер етеді. Олар ауаны тазартады, зиянды заттарды сіңіреді және қауіпті микроағзаларды жояды. Орманда серуендеуді ұнататын адамдардың физикалық және эмоционалдық күші қалпына жылдам келеді. Шөптен шығатын иістер мен ағаштардағы жапырақтардың тербелістері, жан тыныштандырады. Ағаштар өнеркәсіпке және шаруашылыққа үлкен пайдасын тигізеді. Оны отын немесе құрылыс материалы ретінде қолданады. Қағаз, ацетон, эфир майлары және спирт ағаштан жасалады. Болашақта ағашты басқа материалдармен алмастыру көзделіп отыр. Қалаларды оттегімен байыту мақсатында – көшелердің бойында гүлзарлар мен көгалдар отырғызылып жатыр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін, айналамызда көбірек өсімдік болуы керек. Сондықтан, оларды қорғау және жасыл кеңістікті ұлғайту біздің міндетіміз. Өсімдіктердің бізге тигізетін пайдасы өте үлкен, мұны әрбір адам түсініп, оларға күтім жасауы керек.
Толығырақ: https://faktiler.kz/osimdikterdin-adamzatka-pajdasy-esse/
Мәселені түпкі жағынан қарайтын болсақ , жастардың оқу орнынан алған біліміне байланысты . Кейбір оқу орны дүркіреп тұрған аты болғанымен , беретін білімі өте төмен деңгейде , осыдан соң сол оқу орнынан қандай білікті маман шығады деп ойлайсыз ? Сонымен қатар кейбір болашақ студенттер өз қалауы бойынша емес , ата - анасы немесе басқа жандардың қалауымен мамандық таңдауы себеп болып отыр . Өзіне ұнайтын , әрі қызығатын мамандық таңдады делік , бірақ оқуды бітірген соң сол мамандық бойынша жұмыс орны өте аз болуы мүмкін.Жұмыс орны аз болған соң , ниеті де жоғала бастайды .