М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
45757858ЫфыРф
45757858ЫфыРф
22.09.2021 09:06 •  Қазақ тiлi

Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді… Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды? Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.). Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды. Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық 8тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернеткоммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды. 2-тапсырма


Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді… Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүз

👇
Ответ:
semchankov
semchankov
22.09.2021
jjhhv hvvh поиььд
4,6(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Арусяк122
Арусяк122
22.09.2021

Әдептілік ұрыс-керіс,   дау-дамайдың алдын алады, сондай-ақ ашушаңдық пен өшпенділікті басады. Вольтер: «Сұлулық жүзге қандай болса, санаға сыпайылық сол» деген. Сыпайы мінез-құлықтағы ең бастысы - басқаларға ілтипатты және құрметпен қарау.Тәрбие – адамның әдет-ғұрпын немесе адамның ішкі қажеттілігін, оның мінезінің сарқылмас бөлігі болатын сыпайылық. Әдептілік пен сыпайылықтың айырмашылығы неде? Білімді адам әдеттен тыс, өзінің психикалық қажеттіліктеріне сәйкес істегенін сыпайы жасайды, бірақ кейде ол істемейді, ал соңғысында бұл оның рухани ұстанымына немесе ақыл-ойдың көптігіне байланысты. Оңашада, білімді қария әрқашан алдындағы үлкенді немесе әйелді сағынады, орнын босатады, басын жинайды, т.б.

Ұятсыздық, ұстамдылық, дөрекілік мінез-құлық мәдениетінің жоқтығының белгісі. Ол жансыздықта, қатыгездікте, зұлымдықта, дөрекіліктен, арсыздық пен арсыздықтан көрінеді. Көптеген адамдар қателеседі, бұл қасиеттердің көрінісі қазіргі заманғы қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады, бүгінгі жағдайдағы сән үрдістеріне сәйкес келеді, бірақ бұл олай емес. Қазіргі этикет зерттеушілері мінез-құлық мәдениеті табиғилықтың, парасаттылықтың, парасаттылықтың белгісі, қажетсіз күрделіліктен арылатын демократиялық қоғамның ерекшелігі, өйткені мәдениетті адам адамдар арасындағы қарым-қатынасқа сұлулық әкеледі, олардың бақыты мен бақытына ықпал етеді деп атап өтеді. , бұл қазіргі қоғамның тенденцияларына көбірек сәйкес келеді.

Олай болса, қазіргі адам қоғамдағы дамудың қазіргі жағдайына сай болу үшін әдепті болу керек.

Объяснение:

4,4(79 оценок)
Ответ:
mmozgovoj
mmozgovoj
22.09.2021

Қазақтың қызы – қастерлі, аяулы жаратылыс. Шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар образы болатын. Әйгілі Мұхтар Әуезовтер «Адамдық негізі – әйел» деп мақала жазғанда осындай ардақты жандар үшін шырылдады. Жүсіпбек жазатын қорғансыз Ақбілек, Бейімбат жазатын шарасыз Күлпан, Ғабит Мүсіреповтің ел анасы Ұлпаны, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайшылықты Ақбаласы, Ақанды ынтық еткен Ақтоты мен Біржанға арман болған Ләйлім шырақ, кешегі Жұматай жырлап өткен қол жетпес Ләйлә – бәрі де қазақ қызының, қазақ анасының сан қилы қасиеттерінің бір-бір жарқын көрінісі еді. Заман құбылды, қоғам ауысты, қазақ қызының болмысы мен бітімі де өзгеріске ұшырай бастады. Бұрынғы биязы да кербез, көрікті де мінезді сұлулардың орнына бетпақтықты батырлық деп түсінетін, сөз тиді екен деп ауызға келгенді ақтара салатын келте ақылды бикештер келді.

4,6(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ