меніңше осылай болады
«Неліктен адамдар мамандықтары бойынша жұмыс істемейді?»
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.
Шолпан-Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады әрі мейлінше сұлу.Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады.Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады:өзі сұлу,өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып,ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады.Ел арасында іріткі туа бастайды.Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп,халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді.Сөйтіп,таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып,таң жұлдызына айналады.Халық оны <<Шолпан жұлдызы>> деп атап кетеді.
2-1
3-5
4-2
5-3
Вот должно быть правильно