Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Айтушының сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс. Адамдар сөйлегенде бос қайталауларға бой алдырып, сөз жұтаңдығын танытады, тілдің коммуникациялық сапасын күрт төмендетіп жібереді. Әрбір айтылған сөздің салмақты болғаны жөн. Құр бос ауаға айтылған сөздің еш қадірі жоқ. Ол айтушының сөз байлығының төмендігін көрсетеді. Әдемі сөйлеуді, дұрыс сөйлеуді тіл мәдениетін үйрену арқылы жетілдіруге болады. Сөздік қорын молайту үшін кітапты көбірек оқу керек, аса көрнекті қаламгерлерден, тіл нақышы келісті сөз зергерлерінен үйрену керек.
Сөздің аса мол кені көркем әдебиетте жинақталған. Мысалы, М.Әуезовтің 20 томдық шығармаларында сөздің саны 30 мыңнан астам. Қара сөздің қас шебері М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында 16983 сөз қолданған. Мұндай деректі өзге де әйгілі қаламгерле тілі жайындағы статистикалық деректермен салыстырсақ, цифр сыры ашыла түседі. А.С.Пушкин өз шығармаларында 21197, У. Шекспир 15000 сөз қолданған. «Абай жолы» эпопеясында 1 және 2 рет қолданылған сөз саны – 8698, Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі сөздің саны – 9301, Мамин-Сибиряктың «Приваловтар миллионы» романында 11283 сөз қолданыс бар. 1,2 рет қолданылатын сөз саны – 7312.\
Әрбір тіл сөзге бай. Сөздердің санын математикалық тұрғыдан санап, санын дәл айту мүмкін емес. Қазір ғалымдар тіллің сөдік қорын жуықтап айтады. Тіл байлығын олардың құрамында сөз саны емес, олардың қолданысы анықтайды.
Объяснение:
жазылым
Объяснение:
Мен осы пікірмен келісемін. Себебі Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық а жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. Сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ауқымды проблеманы алып отыр.Себебі,табиғи қорлар қажетті деңгейде қорғалып жатқан жоқ. Елімізде көптеген құнды ресурстар бар,бірақ оны пайдалану деңгейі төмен және де оны жүзеге асыратын маман иелері елімізде аз. Дамыған елдерде табиғат ресурстарын пайдалану жоғарғы деңгейде,себебі олар шикізат ресурсын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.Өзіміздің елде де осы мәселені жолға қойсақ,елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалануда проблемалар болмайды.