Шоқтығы биік ғалым Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі Хақан – атақты Олжабай баҺадүрдің тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыз-әфсаналарын білген. Жай отындай жарқыраған, қағілез бала бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын оқып, жатқа білген. Хақанның шаңырағында қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан. Құймақұлақ Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан а ға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады. Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді және көне жәдігерлерді тауып, мұражайға тапсырады. Ол жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Орталық Қазақстанды зерттейді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.
Кометесындершы , көнерген сөздер, эвфемизм, дисфемизм және табу сөздер табу керек
берем, бырак жазбандаршы: "менде былмеймын, тоже керек боп тур", былмесен жазбандаршы отыныш
Ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді Юсуп Камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – Ерте ме, кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.
Төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, Өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. Бұл ара кезінде Арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. Бұл дегеніміз, Батыс Вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. Ал арт жағымызда Мойнақ қаласы жатыр. Ол бір кездері балық консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая дамыған орын еді. Тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна балық өндіретін. Елу жыл бұрын Арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. Ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.