Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: "Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?" - деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?" - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді.