Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз. Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік:
- Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?
- Менің ойымша, еңбек адамы - ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын
мандай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола
ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек.
- Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері
еңбек адамының образын жасады ма?
- Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе,
далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры
болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын,
солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті
насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.
надо озоглавить и выписать 10 глаголов
1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады.
Марапаттаулар
Объяснение: