Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Бірінші қабатта қан тапсырдым. Сосын Жоғары көтерілдім. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады. Дәрумен ішуге кеңес берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фастфуд тағамдарының ЗИЯН екенін айтты. Сосын тіс дәрігеріне бардым. Ол менің тістерімді тексерді. Тіс дәрігері: «Тістеріңді таза ұста», деп кеңес берді. Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын. Көз дәрігеріне бардым. Ол көзімді тексерді. Көз дәрігері: «Компьютерде көп отырма, теледидарға жақын отырма», деп кеңес берді. Менің тiстерiм таза, көзім алыстан да, жақыннан да жақсы көреді. Отбасы дәрігері маған: «Сенің денсаулығың жақсы. Жарайсың!» — деді. Ал сен емханаға барасың ба? 4 -тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. Сөз екпінін қойып оқы. Мәтінді екінші жақтан баянда. Мысалы: Мен емханаға бардым. Сен емханаға бардың. Мәтіннен үстеулерді тап, түрлерін ажырат.
емханаға бардым. Отбасы дәрігері тексерді. Отбасы дәрігері жүрегімді тыңдады. Мен қан тапсырдым. Дәрігер кеңес берді.
Көптеген ғасырлардың барысындақазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріқалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігініңөкілдері, орыс және шетелғалымдары, саяхатшылар айқынбайқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылықжәне адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Киіз үйдің ішінде
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылыққасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезіндеРесей зерттеушісі Виктор фон Гернбылай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардыңсүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстандаболып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды:«Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келгенадамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесіқонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуғақұқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсізоқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, еруліктамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласымен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасыаман-есен босанып, дүниеге жаснәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуынабайланысты әдет-ғұрып. Ауыладамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайыдастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккенотбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек,ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.