Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр, нұрлы болашақты аңсайды. Ол арманның іске асуы үшін де елі экономикалық табысты бағытта жылжып, бейбіт мақсатпен өмір сүретіндігі ауадай қажет. Қандай ел болмасын, дербес даму жолы, алдына қойған мақсат-міндеті болады. Міне, осы ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған арманы орындалды. Бүгінде құлашын кеңге жайған байтақ елге айналып, болашақты бағдарлап байыптайтын, өтпелі кезеңде халықпен бір болып, елдің еңсесін көтеруге аянбай ат салысып, тер төккен Елбасымыз Н.Назарбаевтың ерен еңбегін Қазақстан тұрғындары жоғары бағалайды.
Объяснение:
9-Мамыр Жеңіс күні деп аталады. Себебі,Кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларынан елді азат етті.Сол кездегі жанқиярлық ерлікті дәріптеу, Отан үшін отқа түсіп мерт болғандарды ұмытпау үшін және соғыстың қасіреті қайталанбау үшін жыл сайын Жеңіс күнін ерекше атап өтеміз. Соғыс ардагерлері мен тылдағы Еңбек ардагерлерін шақырып,кездесу ұйымдастырамыз. Соғыста қаза тапқандарға орнатылған Мәңгілік алауға қарауылдар тұрады, оқушылар,солдаттар сапқа тұрады, ол жерде митинг өткізіліп,гүл шоқтары қойылады. Орталық алаңда Жеңіс парады жүреді.Айбынды Армиямыз бен Қарулы Күштеріміздің салтанатты шеруі өткізіледі. Мектепте салтанатты жиындар, мерекелік концерттер,акциялар өткізіледі. Қаланың халық көп жиналатын жерлерінде жалаулар, бейбіт өмірге шақыратын транспаранттар ілінеді. Мерекелік концерт болады.Жеңіс отшашуы,Жеңіс салюты беріледі.
Объяснение:
Объяснение:
...........................