Қазақстан халықтарының достығы.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білемін.
1 мамыр – еліміздегі ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке.
Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.
Егер біз бір-бірімізбен тату болсақ, бейбітшілік, ынтымақтастықты ұстай алсақ, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ. Сондықтан да бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!
Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 70 жыл толса да оның салған жарасы әлі де жүрегімізде. Біздің соғыс зардабын ұмытуға хақымыз жоқ, сондықтан оның қайталануына жол бермеуіміз керек. Мұны есте сақтауға міндеттіміз.
Біздің әкеміз Бектембаев Фазыл 5 қыркүйек 1921 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданы Мариновка ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Боқаев Бектембай оны өзінің немере інісі Селеубаев Сапарғалидан асырап алған. Әкесі 1937 жылы, анасы Боқаева Алтын 1938 жылы өмірден озды. Әкеміз 17 жасында тұл жетім болып қалды. Оның тәрбиесімен ағасы Селеубаев Ахметқали айналысты. Ағасының отбасы үлкен еді. Әкеміздің
математикалық ойлау қабілеті бала күнінен ерекшеленді.