М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vdyblenkoo
vdyblenkoo
05.11.2021 23:05 •  Қазақ тiлi

"Жаужүрек-Махамбет" эссе 100 слов

👇
Ответ:
Nastay1234899
Nastay1234899
05.11.2021

понятнее

Объяснение:

на русском сможешь написать?

4,6(41 оценок)
Ответ:
varsockaya
varsockaya
05.11.2021

ответ:ХVІ ғасырдан басталып, ХVІІ ғасырдың соңғы ширегіне дейін 250 жылға созылған жоңғар-қазақ соғысы. Бұл жан алып жан беріскен алапат заман еді. Осы қиын уақытта жоңғар әскерлерінің алды ұлан-ғайыр жерді кесіп өтіп, елдің батысына жетті. Алатау, Ұлытаудан асып Торғай, Арал маңына жақындады. Бұл ел де қарап жатпады. Сарбаз жинап, жауға тойтарыс беруге жұдырықтай жұмылды. Міне, осы кезде Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің әскерінде кіл балалар мен жасөспірімдерден құралған «Мың бала» жасағы болды. Жасақты Хиуа хандығының бас биі Байжанның ұлы он алты жасар Сартай басқарды.Сталиндік репрессияның құрбаны болған дүлдүл ақын Нұрмағанбет Қосжанов «Сартай батыр» туралы поэмасын жазып кеткен екен. Сондықтан да дәл осы сынды тарих беттерінде қалған батырларымызды,  экранизациялаумыз әсте керек жағдай. Себебі дамыған  өркениет заманында тәрбие алып келе жатқан жас ұрпақ тарихи, әдеби кітаптарды оқығаннан, оны дайын кино түрінде көруді жөн санайды. Сондықтан да, кино – халықты кешегі өткен тарихпен қауыштырмақшы бірден – бір аса пәрменді құралы болып отыр.Бұл фильмді қазақ елінің тарихын паш еткен тарихи төл туынды десек те болады. «Біткен іске сыншы көп» демекші, не керек фильм хақында сан алуан түрлі ой пікірлер айтылып жатты. Соның ішінде Ақан ағамыздың фильмдерінің бәрі бір-біріне ұқсас деген қисынсыз пікірлердің айтылғанын, отқа айдағанда б…қа қашқанның ісі деп білемін. Сондағы айтатын қисындары, «Жаужүрек мың балада» да, «Ағайындыда» да үш адам атпен шауып бара жатады дейді. Бұл кемшілік емес, бәлки артықшылық болар. Келешекте, заман өзгеріп, киномыз дамығанда, Ақан Сатаев деген режиссер кең далада атпен шапқан кейіпкерлерімен есте қалатын шығар. Кім білсін?! Еліміздің осындай қолтаңбасы қалыптасып келе жатқан кино режиссерлерімізді қолдап, қолпаштағанымыз жөн-ау, әсілінде.Қай көрермен болсын, басқа да кез-келген шетелдік тарихи фильмдерін көретін болса жадынан шығармай айтып жүретіні белгілі. Атақты режиссеріміздің жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Кейіпкерлері  айшықтала түскен. Сол заманың қал-ахуалын, барынша шынайы жеткізе білді. Кинотеатрдан шыққан көрермендер өзара әңгімелесіп, киноны талдап бара жатты.Ақан ағамыздың тағы бір ерекшелігі біздің санамыздағы Тұғышбай ағамызды хан ретінде емес, батыр етіп көрсеткені. Актерлердің жаңа қырларын көрсете отырып, фильмді қызықты етуі. Бекболат Тілеухановты Бұқар Жырау ретінде көрсетуі де сөзімізге тұздық.Шығарманың  тақырыбы да  ұтымды алынған, естігенде рухани күшке ие боласың. Режиссердің де ұтқыр шешімі, тапқырлғы тақырыпты шығармасымен аша түскені, еңбек жемісі болар. Киім үлгілері ондағы ою өрнектер ұлттық нақышымыздың элементтері болды. Қазақ киносындағы жаңалық.  Екі түрлі дерекке сүйене отыра таңғажайып шығарма жарық көрді.   Олай деуге себеп, тек қана бір бөлек етіп, мың бала аңызын өрбітіп жатса, екінші жағынан тарихи шындықтарды ұштастырды. Аңыз кейіпкерлерін сомдаған жас актерлерде, сахнамыздан орын алды.

Объяснение:

4,4(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Сонда ұстазы шәкіртінің қолына қарамай -ақ : Шәкіртім асықпа, әр нәрсені жасағанда оны ойланып барып жасаған дұрыс.Жеті рет өлшеп,бір рет кес демейме дана халық. Сенің ойың маған мәлім.Мен қазір ол көбекті өлі десем де,тірі десем де дұрыс болмас.Өйткені оның өмірін осы жерде тоқтату да, тірі қалдырып жалғастыру да сенің қолында.Бір нәрсені дәлелдеуге, ешкімнің тағдырын қимағаның жөн》,-деп жауабын аяқтады.Сонда шәкірті ойланып жасамаған әрекетінен ұялып, көбелекті жібере салды.

Үзіндідегі негізгі ой жамандық жасамауға негізделген.

4,8(48 оценок)
Ответ:
katherinepierce1864
katherinepierce1864
05.11.2021

Еліміздің жыл басында кү­тер ең маңызды жаңалығы – Ел­басының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел бола­ша­ғының жарқын болуын арман­дайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмір­ді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел бас­қарған басшының аузынан шық­қан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қыз­меті­нің барлық саласына қолда­ну үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орын­да­рын­дағы мемлекеттік тілдің оқы­тылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтас­тығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфра­құрылымын дамыту кезек күт­тір­мейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылар­дың тәжірибелерін тарату, олар­ға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргі­зіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына ар­найы тоқталды. «Әлем мем­ле­кеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орын­ға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көш­бас­таушы елге айналды», деп ерекше атап өтті.

Объяснение: в интернете нашла , сори если не

4,6(60 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ