Монолог.
...Бүгін мен бір түс көрдім. Қара сақалды, ақ шапаны мен айыр қалпағы бар ақсақал келіп үнсіз екі алақанын көрсетті. Бірінде – ат басындай алтын, екіншісінде – "Абай жолы", "Әдебиет танытқыш", "Тіл білімі" сынды 5 кітап тұр. Мен бардым да кітаптар тұрған алақанға қолымды создым. Қарт кенет жоқ болып кетті. Ал мен көзді ашып жұмғанша әдебиеттану және тіл білімінің ғалымы атандым. Қара қылды қақ жарған шешендігім де бар екен. 100 адам мен қорғап жатырған жобаға құлақ салды. Үйіме келсем әлгі 5 кітап 50 кітапқа өсіп, сөреде тізулі екен.
Иә, армандаған, оны мақсатқа айналдырып, оған қол жеткізу – ең үлкен бақыт. Ал мен өз бақытыма жетуім үшін көп еңбек пен ізденісті артқа тастап, талай кітапты ақтаруым керек деп түйдім. Жасымашы. Алға! Дегеніңе жетесің. Тек ерінбе, ізден!
Ат басындай – бағалы, қомақты.
Көзді ашып-жұмғанша – тез, жылдам.
Қара қылды қақ жарған – әділ, тапқыр.
Құлақ салды – тыңдады.
Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.