Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қо болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.
Объяснение:
как смогла
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Қоғамдық дамудың ерекшелігіне қарай тарихтың әр кезеңінде батырдың тұлғасы түрлі игі қасиеттермен сипатталып келген. Алғыр ерлер елдің ішкі-сыртқы жауларына қарсы тұрып, Отанының тыныштығын, тұтастығын, мүддесін сақтауға ерлігімен сүйеу болды. «Ері барда, елі қор болмас» деп, ежелден батырлық пен батылдықты дәріптеген бабаларымыз мақал-мәтелдерінде, эпостық жырлар мен аңыз-әпсаналарында бұл қасиеттердің маңызын дәріптеп өткен. Өжет мінез бен батылдықтың, қайсарлық пен табандылықтың арқасында ата-бабаларымыз еліміздің туын жықпай, ұлан-ғайыр өлкені келер ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Батыр адамның бейнесі көне дәуірлерден бүгінге дейін әділеттілікті орнату, ар-намысты қорғау, халықтың бірлігі мен бостандығына қол жеткізу үшін күрескен ерліктерімен қалыптасқан. Ержүрек батырлар халық рухани қажығанда күш беретін жарқын бейне болған, бола береді. Себебі олардың жасаған ерліктері а ң күш-қуатына, асқақтығы мен адамгершілігіне деген сенімді ұялатып, ұлт санасында өшпес із қалдырады. Ал батырлардың ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау – қазіргі қоғамның рухани қайта жандануына серпіліс беруде аса маңызды.Қазіргі таңда шынайы батырдың бейнесін тек әдеби-тарихи кітаптар мен шығармалардағы қаһарман тұлғалардан ғана емес, өзіміздің арамызда адал қызмет етіп жүрген жандардың бойынан да көруге болады. Олар – бізбен қатар жүріп, бүкіл саналы ғұмырын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға арнаған азаматтар. Бұл батырлар елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Олар бейкүнә тұрғындардың өміріне қастандық жасауды көздеген, рақымшылық пен аяушылықты білмейтін жауларымен бетпе-бет жолыққанда өжеттік танытты. Осындай ерліктер отанды қорғауға ант қабылдаған қаруластарын рухтандырып, күш-қайрат қосып, оларды ұлы мақсаттарға жігерлендіруде.