1-і үзінді. «Алаш» қозғалысының өкілдері өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
2-ңүзінді. Ахмет Байтрсынұлының саяси жолы 33 жасында басталды. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясы авторларының бірі.Онда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару, баспахана ашуға рұқсат беру, қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.
А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті. «Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санады. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті.
2022 жылы Ұлы ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады.
Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог, публицист және өз Отанының нағыз патриоты!
Үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1.«Алаш» қозғалысының өкілдері не үшін күрескен? 1б.
2. Қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын неге алуға
шақырды? 1б.
3. А.Байтұрсынов кім? 1б.
4. Орыс тіліне аудар: А.Байтұрсынов:«Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және
дініне құқығы болуға тиіс» 1б.
4. Екі мәтіннің жанрын анықтаңыз. 1б.
а) мақала б) әңгіме в) сұхбат г) очерк.
6. «А.Байтұрсынов» туралы қорытынды жасап, ойыңызды «ПОПС формуласы» негізінде ұсыныңыз. 5б.
ПОПС формуласы
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».
Маңғыстау таулары-Маңғыстау түбегіндегі аласа таулар тізбегі.Біз осы таулардың Жер бедері жайлы қысқаша айта өтейік. Каспий теңізі жағалауынан солтүстік-солтүстік-батысқа, шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеле жатқан үш жотадан тұрады. Ең ірісі — орта тұсындағы Қаратау жотасының ұзындығы 130 км, биіктігі 350 — 450 м, ең биік жері — Бесшоқы тауы (556 м). Қаратау көлденең жатқан бірнеше ойпаңдар арқылы Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушыққа бөлінеді. Солтүстік Ақтау басқаларына қарағанда көбірек тілімделген және биіктеу (322 м). Терең жыралардың түбінен шағын бұлақтар (Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты, т.б.) кездеседі.Және оның Геологиялық құрылымы жайлы да әңгіме қозғай өтейік. Қаратау жоталары пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Төбесі тегіс немесе сәл белесті келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Екі жағынан Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары өтеді. Олар Маңғыстау мегантинклиналінің қанаттарына сәйкес келетін куэсталардан тұрады.
Ал Кен байлықтары жайлы айтсақ,
Маңғыстау тауларында мұнай, тас көмір, фосфорит, марганец, мыс және темір кен орындары барланған. Беткейлердің етегінде тасбұйырғын, Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарында жусан басым өсетін шөлді өңір жатыр. Жыл бойы мал жайылады.