М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fghhjk1
fghhjk1
04.04.2023 02:08 •  Қазақ тiлi

Бәйтерек-Елорданың мактанышы тақырыбына күрделі сөздерді пайдаланып, эссе жаз. (100соз )


Бәйтерек-Елорданың мактанышы тақырыбына күрделі сөздерді пайдаланып, эссе жаз. (100соз )

👇
Ответ:
анастатья
анастатья
04.04.2023
Бәйтеректің» ең төменгі қабаты, оның тамыры іспеттес бөлігі, өмір ағашының нәр алатын жерасты бөлігі 4,5 метр тереңдікте орналасқан. Бұл бөлікте дәмхана, аквариум және суретші Ерболат Төлепбайдың еңбектерінен тұратын «Бәйтерек» минигалереясы бар.
Бұл жерде «Астана-Бәйтерекке» қонақ болғандар үшін жаңа қаланың мәдени-әкімшілік орталығының макеті бар. Экскурсоводтар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде астанамыздың алыс және жақын шетелден келген, еліміздің түкпір-түкпірінен астанаға келген қонақтары үшін шолу экскурсияларын өткізеді. Оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, онда «Астана-Бәйтерек» символикасы мен сувенирлік өнімдер сату бойынша дүкен бар. Онда қонақтар ұлттық құндылықтарымыздан хабар беретін түрлі естеліктер, суреттер, кәдесыйларды естелікке алып кете алады. Әрине, мүмкіндігі шектеулі жандардың да кіріп-шығу мәселесі шешілген. Қонақтарға қолайлы болу үшін арнайы кіру билеттерін сататын терминалдар орналастырылған.
4,4(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
marinavn2008
marinavn2008
04.04.2023

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.

Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.

Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.

Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.

Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашарретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдебишығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бетбұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.

Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.

4,7(81 оценок)
Ответ:
parvizmirzoev03
parvizmirzoev03
04.04.2023

                                                     Білім жолы

бұл сөз тіркесінің астарында көптеген мағына жатыр.Біз бірден түсінеміз яғни білім жолына түсу үшін шаршамай талмай оқу керек.Ең бастысы ерінбеу керек,алдыңа мақсат қойып соған жете білу керек.Біз әрқашан білімді адам жерде қалмайды деген сөздерді естиміз,шынында да .Мысалға менің білім жолым мынадай мен мектепті бітірем,онан соңуниверситетті,онан соң магистратураныдегендей.Әрбір адамның білім жолы оның таңдаған мамандығына,ол адамның еңбекқорлығы мен талпынысына қарай өрбиді.

 

4,8(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ