Мейірім (мысал) Мұз сұп-суық. Күн ұзақ шатырға ілініп, міз бақпай тұра беруден жалық- пайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын, Оған адамдардың мейірімі жетпей- тін еді. Ол өткен-кеткеннен мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп кетуге бар еді. Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тірліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеді. Неткен сұлу! - деді Күн, - Сен де, - деді Мұз. Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты. (www.zharar.com) -
-Сәлем,әке!Қарашы,бұл ағаштан қандай қылыш жасауға болады?-деді баласы.
-Тоқта,балам!Олай жасауға болмайды!,-деп әкесі баласына қарады
-Әкетай,неліктен оны сындыруға болмайды?ол кәдімгі ағаш қой !
-Бұл ағаш біздің табиғатымыздың бір бөлшегі,оны аялап,қадірлеу керек,түсіңдің бе балам?
-Түсіндім,әке.Ендеше,ол үшін ағашты қалай баптау керек?,-деді баласы
-Оның сұрағаның дұрыс,біріншіден оның жерін қазып,отырғызу керек.
-Маған ағашты суаруға бола ма,әке?
-Әрине,балам,суара ғой.Осылайша,бірнеше жылдан кейін үлкен ағаш өседі
-Рақмет,әкетай,енді мен әр өсімдікке мән беремін,әр тіршілік көзі біздің қоршаған ортамыздың бір бөлшегі.