- 1-тапсырма. Мәтінді оқып,қарамен берілген сөздерден ыңғайлас және қарсылықты салаластың жалғаулықтарын қатыстырып,5 сөйлем құрап жаз. Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – а ң өсіп — өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - анаңның алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау өз болашағыңда сақтау деген сөз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі дірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген отбасыда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Иттен тартып же.
(Чем от скупого угощения ждать,
лучше у собаки кость отобрать)
2. Бермегенді беріп ұялт.
(Чтобы пристыдить скупого, сам его одари)
3. Тілеушінің бір беті қара,
Бермеушінің екі беті қара
(У просителя одна щека горит,
у отказывающего обе щеки горят)
4. Берген жомарт емес, алған жомарт.
(Не тот щедр, кто дает, а тот кто не берет)
5. Алтын көрсе періште жолдан таяды.
(Увидев золото, и ангел свернул с дороги)
6.Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.
(Чем больше жиреет змея,
тем больше от жадности трясется она)
7. Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.
(Две мыши из-за байского мусора подрались)
8. Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
(Умный честь свою оберегает, скупой скот свой оберегает)
9.Бейнет қыл да зейнет қыл
(Потрудись, а потом и требуй)
10. Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ
(Гостю можно говорить "приходи", "уходи" говорить нельзя)