Наурыз көже
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.
Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.
Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.
Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.
Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.
Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.
Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.
Қақтығыстану – қақтығыстың жағымсыз зардабын алдын алу және даму заңдылықтары, оны шешу немесе жою әдістері туралы ғылым. Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.
Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады. [28,27]
Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметтік қақтығыстардан тұрады, бұл жағдай шартсыз түрде халықтар өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларына қалыпқа келтірілмейтін зиян келтіреді.
Тағы бір ерекшелейтін жайт, көбінесе ең күрделі байқалмайтын, анайы болып көрінетін жағдайлар, түрткілерден, себептерден туындайды, сондықтан да қақтығыстың маңыздылығы, оның құрамдас бөліктері, олардың шешу жолдарын қарастыру әлеуметтік психология ғылымының ең маңызды пәні болып табылады.
Барлық қақтығыстар адамның ішкі өмірі ерекшелігіне, сонымен қатар оның әлеуметтік қатынастарына негізделген психологиялық құрылымдардан тұратыны белгілі.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстерді қақтығыстардың маңызды әлеуметтік мәселе болып табылатынын зерттеулерде көрсетті. Бұл бірқатар себептермен шарттасқан: қақтығыс феноменінің күрделілігі, сонымен қатар оның пайда болуын бірнеше мәнде түсіндірген.
Қақтығыс қоғамдық қатынастардың басым көзі болды. Ол айқын және латентті формаларда көрінеді. Ол тұлғааралық қарым-қатынастарға ене отырып, күнделікті өмір және мемлекеттің дамуына негізделген қақтығыстарда көрініс табады. Осындай жағдайдың басты себебі ретінде Аристотельдің (384-322ж..д.) ойы бойынша бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп ойлады. Осыдан келе оның пікірі бойынша қақтығыс қоғамның қалыпты жағдайы болып саналады. Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамның тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды деп санады