М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Yulduzka28
Yulduzka28
22.08.2021 02:45 •  Қазақ тiлi

Эссе абзацтарын ретімен қой. Дарылдатып сүйрегенде, артынан бұйраланып шаң борайды. Ол кебіс тозып, жаңа кебіс кигені есімде
1
жоқ екен. Ал ол аяқкиімін шешіп үйге кірсе не болады, ол үйді бұзып қайта салу керек болатын шығар.
1
Ол кірдің қалыңдығы сондай, қара жылтыр қабық болып қалған. Шалбарының да түсі дәл сондай қара
қошқыл қабыршақты. Арасында сынып кеткен тұстары да байқалады. Бұл май мен кірдің
араласқанынан пайда болған ерекше химиялық қабық деуге болады. Тіпті жаңбыр жауған кезде де ол
қабықтан су өтпейтінін көріп қатты таңғалғаным бар. Жақындай түссең сұмдық жағымсыз иіс мұрныңа
келеді, жиіркеніп құсып қоюыңыз мүмкін. Осыншама салақ адамды көрмеген едім. Аяғындағы ескі
кебісі де әбден тозған, сегілгелі тұр.
Менің кейіпкерімнің есімі – Кәрім. Ол менің құдай қосқан көршім болады. Оның салақтығын сөзбен
1 сипаттап жеткізу өте қиын. Алайда дәл қазіргі кейпін сипаттап берейін. Кәрімнің үстінде жұмысқа
арналған шалбар мен жейде бар. Жейдесінің жағасынан бастап кір.

👇
Ответ:
ElinaN28
ElinaN28
22.08.2021

1 3 2. крч осындай

Объяснение:

Осылай жаз дұрыс

4,4(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
BlackJack11RUS
BlackJack11RUS
22.08.2021
Асқа бармайды,Аспаздан қалмайды. (Отгадка:Кепсер)
                            Басы ұяда,Қүйрығы қияда. (Отгадка:Шөміш)                                                                                                                                                                                                                       Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,Ал өзі өмір бойы жер баспайды,Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ.  (Отгадка:Оқтау)                                                                                                                                                                                Өзі -жаңа,Өзі -тесік.     (Отгадка:Елеуіш)                                                                                                                                                                                                                            Үйге біткен бәйтерек,Жапырағы жыртық терек.Жапырағы жыртық болса да,Бәйбішеге сол керек. (Отгадка:Eлгезер)
4,8(68 оценок)
Ответ:
VasyaKotikSnake
VasyaKotikSnake
22.08.2021
Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді. Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай а болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Астана- бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық, қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс- құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік. Ендеше, шаһардың кейбір кең де түзу көшелері дәстүрлі шығыс байтақтарын, мәселен, көргендерге Каир мен Делиді есестететіні сөзсіз. 
4,4(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ