Деректі зат есімдер: Қазақстан, астана, президент, Н. Назарбаев, Азия, шаһар, "Алматы", "Сарыарқа", "Байқоңыр", "Есіл", аудандар, орталық, қала, тұрғын үй, іс-шаралар, жарыстар, құрылыс, құрылыс компаниясы, ғимарат, "Бәйтерек" кешені, бойтұмар, символ, "Аялы алақан" композициясы, окенариум "Думан", "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры, "Қазақстан" концерт залы, "Қазақ елі" монументі, "Астана-арена" жабық стадионы.
Дерексіз: заман, идея, мәртебе.
Сөйлемдер:
1. Қазақстанда президентіміз Н. Назарбаев бастауымен жаңа астана бой түзеді.
2. Ол Азияның біраз елдерінде, шаһарларында болып қайтқан саяхатшы.
3. Астанамызда "Алматы", "Сарыарқа", "Байқоңыр", "Есіл", аудандар бар екенін білесің бе?
4. Қаланың орталығынан тұрғын үй алу аса қиын.
5. Іс-шаралар мен жарыстарға белсене қатысатын оқушы еді.
6. Ғимарат құрылысы басталып кетті.
7. Құрылыс компанияның мәртебесі асқақтап тұр.
8. Нұр-Сұлтанның символы, бойтұмары "Бәйтерек" кешені, "Аялы алақан" композициясы, окенариум "Думан", "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры, "Қазақстан" концерт залы, "Қазақ елі" монументі, "Астана-арена" жабық стадионына экскурсия болып өтті.
9. Заман ағысына ілесе аламыз ба?
10. Оның идеясы ұшқыр екен.
Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.
Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған,
Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.
Баянды бақытымның бастауындай,
Айналдың Астанаға аппақ арман...
Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,
Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.
Сұрланып сырт айналған суық көздер
Қарайды әлі саған сәл қызғана.
Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы,
Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.
Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің
Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.
Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын,
Қашанда еркіндіктің құны басым.
Керіліп кербез далам көсіледі,
Сезініп бостандықтың шұғыласын!
Сан ғасыр армандаған Алаш бабам,
Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам.
Бірлікті байрақ етіп болашаққа,
Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған!