Қайрымдылық адам бойындағы ерекше қасиет. Сен біреуге қайрымдылық жасасаң, оны міндетсінбесең, бұл да өте жақсы. Бұл жақсы ісіңе сен алғыс аласың. Алғыс деген ақшадан да қымбат. Ата-анамыз біз үшін шексіз, санасақ сан жетпейтін қайрымдылық жасайды. Сол ата-анамызға біз өз жағымыздан әруақытта қамқор болып, қайрымдылық жасауымыз керек. Баласының қайрымды болып өскенін көру олар үшін зор бақыт. Бұндай отбасынан басталатын қайрымдылық осылайша ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табады. Кейінгі ұрпақ өзіҢ нен көргенін істеп, сені де сен ата-анаңды құрметтегендей құрметтейтін болады. Міне, бұл қайрымдылық жасасаң қайырын өзін көресін деген осы. Ата-ананың ақбатасы сен жасаған қайрымдылық қайырымы.
Объяснение:
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.