Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. [1].
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.
2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның қатаң түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";
т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. «Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Сол себепті табиғатты барнша қорғайық, аялайық. Табиғатты қорғау - табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен - кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет!!
Объяснение: Вроде норм. если чо окасы жокк..
Менің сүйікті актерім.
Менің сүйікті актерім Азат Райымбекұлы Сейтметов — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1964 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы театр училищесін тәмамдаған.
Сахнадағы негізгі рөлдерінің ішінде М.Әуезовтің «Абайында», «Қарагөзінде», «Еңлік - Кебегінде», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» т.б., сонымен қатар «Періште», «Балалық шағымның аспаны», «Анаға апарар жол» секілді фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.
2016 жылы Seoul International Drama Awards – телевизиялық фильмдер мен актерлердің, сондай-ақ, түсірілім қызметкерлерінің жыл сайын өтетін бәйгесінде «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен «Жылдың үздік актері» номинациясында жеңімпазы атанды.Байқауда Қытай, АҚШ, Жапония, Бразилия, Түркия, Ұлыбритания сияқты елдермен қоса, әлемнің елуден астам мемлекетінің өкілдері бақ сынады. «Seoul International Drama Awards» фестивалінде әр елдің сериал жанрындағы жаһандық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын үздік жұмыстары сарапқа салынды.