– Құрамында көмекші есім сөз бар жұмбақтар:
1.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
2.Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)
3.Талдың басында, жемі бар қасында, Там тұр саялы, достары аялы. (Құс ұясы)
4.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
Бұл жұмбақтардағы көмекші есімдер:үстіне,астында,сырты,іші,басында,қасында,үсті,асты,ортасында.
– Құрамында көмекші есім сөз бар өнер туындыларының аты:
“Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісі, Абай Құнанбайұлы “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі,Сәкен Сейфуллин “Тау ішінде” әні және т.б.
– Құрамында көмекші есім сөз бар мақал-мәтелдер:
1. Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.
2.Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса.
3.Отан от басынан басталады.
Көмекші есімдер:басына,қасыңа,сыртта,басынан.
– Құрамында көмекші есім сөз бар жаңылтпаштар:
1.Құман от басында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап,
ноқта салсын ба?
2.Бұл қар – сүр қар
Сүр қар – кір қар
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
Көмекші есімдер:басында,үстінде.
– Құрамында көмекші есім сөз бар бірнеше сөйлем (8 сөз):
1.Сөздің басы сол жаңа ауыл мұғалімінен басталған еді.
2.Оның үстіндегі көк көйлегі әдеміше, ыңғайлы тігілген екен.
– Құрамында көмекші есім сөзге аяқталған бірнеше сөйлем:
1.Оған бәрінен бұрын ұнағаны – үйдің іші.
2.Анадайдан көрініп тұрған ол – тау шеті.
1бүгінгі қоғамда ғаламторсыз жұмыс жасау мүмкін,бірақ қиынға түсетін еді.
2ғаламторды тиімді пайдаланудың жолдары көп. Мысалы онлайн музей мен көрмелерді көру,үйден шықпай ақ квитанция мен басқа да төлемдерді жасау, онлайн курс арқылы көптеген тілдерді, өнерді,саланы үйреніп, білуге болады.
3ғаламторға тәуелділікті ауру деп қарастыруға болады. Әсіресе кішкентай балалардың психикасын бұзуы әбден мүмкін. Сондықтан да әр адам өз жасы мен жұмысына байланысты ғаламторды пайдалануда шектеу уақыты мен контентін қоя білуі тиіс.
4ғаламторға тәуелді адамдар негізінде қоғамға аз шығатын,аурушан келетін жабырқау немесе көбінесе жалғызсырайтын адамдар.