М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Tamalova5
Tamalova5
01.06.2020 14:45 •  Қазақ тiлi

Какое предложение можно составить со словом таза ауа? ! заранее

👇
Ответ:
serpermiakov
serpermiakov
01.06.2020
Таза ауа өміріміздің мәні.
4,5(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
лошадь20
лошадь20
01.06.2020
Менің Юля деген құрбым бар,біз екеумізде алтыншы сыныпта оқимыз және бір партада отырамыз,Біз екеуміз  бос уақытымызды өте қызықты өткіземіз Мы проводим свое свободное время очень весело.Бізді апалы-сіңілі деп те ойлайды,Мен құрбымды қамқорлап жүремін,себебі мен одан он бір күнге үлкендігім бар!Юляның отбасы үлкен.Отбасында әжесі,атасы,анасы,әкесі,әпкесі және өзі бар.Отбасы бірге демалғанды ұнатады.Юля сабақты жақсы оқиды.Екеуміздің ортақ достарымыз бар.Кейде Юля екеуміз ренжісіп та қаламыз,бірақ соған қарамастан  мен оны қатты жақсы көремін!
4,6(33 оценок)
Ответ:

Халқын сүйген салтын сүйер (халық даналығы)

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

Біз халқымыздың ұлттық санасын қалай оята аламыз, ұлттық дәстүрлерімізді қалай дәріптейміз? Бұл мақсатты әркім әрқалай жүзеге асырады. Ал мен осы жазбам арқылы сыныптастарымның бойына қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру кез-келгеніміздің парызымыз. Менің айтқан ойым біреуге жай сөз болып қалар, ал біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді. Әр қазақтың санасына сәуле шашып, аз да болса ой тастасам бұл менің ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеудегі бастапқы жетістіктерімнің бірі.

Әр елдің, ұлттық өзіне тән салт-дәстүрі болады. Сол дәстүрмен әр ел өзінше ерекшеленеді. Үйлену, балалы болғанда, үй салсада, қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарудада әр ұлттын өзіндік салты бар. Салт-дәстүр сол елдің жеріне, ұстанған дініне байланысты қалыптасып дамып жатады. Біздің елдің салт-дәстүрі де солай. Қыз ұзату, құда түсу де өзіміздің жөн-жоралығымыз бар. Қазақ көбіне ырымға сенген, әр нәрседе ырымдап өзінше бір әдіс, өзгеше бір дәстүр болады. Салт-дәстүр ұлттық айнасы деп айтуға болады. Салт-дәстүрді атадан балаға мұра боп өтеді. Заманына қарай өзгерістер болғанымен түпкі мақсаты мен негізі сақталады. Мысалы айтсақ біздің елде сүндет той, тұсау кесер, қыз ұзату, шілдехана, бесік той, келін түсіру деген сияқты рәсімдері бұрынғы аталарымыз жасағаннан сәл өзгеше дегенмен сол дәстүр жалғасып келеді. Әр ұлт ұлттық құндылығын сақатап қалу үшін өзінің тілін, дінін, салт-дәстүрын болашақ ұрпаққа түсінікті етіп, айнытпай жеткізіп отыруы қажет. Біздің қазақта жеті ата деген бар. Жеті атасын білмеген жетесіз деп жатады, оның үлкен мағынасы бар. Руға, жүзге бөлініп жатады оныңда өзіндік пайдасы бар. Қыз ұзатып, келін аларда ең алдымен руын, тегін сұрайды. Қазақтың тектілігі, тазалығы үшін. Салт-дәстүр қандай ел, қандай ұлтын болымысын өзіндік ерекшеліктерін сақтап басқа елге үлгі боларлықтай болады.

4,6(79 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ