Жазғы демалыс ол әр оқушының жыл бойы күтетін оқығаларының бірі. Иә, көптен күткен демалыс күндері келгенде әр кім өз жазғы демалысын алдын ала кұрастыруға тырысады. Мен де көп уақыт ойладым. Бірақ армандап-армандап менің басына бір пәле түсті — ол РЕМОНТ. Солай мен өз жазғы демалысымды бастадым. Бір жұма өткен соң мен әкемен бірге әжептәуір ремонтты аяқтадым. Ал содан кейін тағы да демалысты қалай қызықты өткіземін деп ойлана бастадым. Бірақ бір ай мен жай районда отырып, футбол ойнап, қалада қыдырып жүргенмен өтті. Осылай уақыт өтіп-өтіп мен отбасымен Көкшетауға жол жүрдім. Өкінішке орай онда да қызық болмады. Көкшетаудан кейін мен Бурабайға барамын. Онда біз көп уақыт болған жоқпыз, үйге қайта оралдық. Солай 1 қыркүйек күні жақындай бастады. Және көніл күйім құлады. Өйткені өз демалыс уақытым маған ешқандай да әсерін қалдырған жоқ. Бірақ 1 қыркүйек күні мектепке келгенде мен бір сәтте қуанып қалдым. Себебі осы жыл өткен соң тағы да көптен күтетін жазғы күндері келеді.
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. "Қанағат қарын тойғызады" дейді халық философиясы. Ендеше қанағат болған жерде бақытта болады. Бақыт- бір адамға тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда! Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.
Жаңа жыл - менің ең сүйікті мейрамым. Жаңа жыл мерекесін неге соншалықты жақсы көремін? Өйткені, барлығы қуанышты, бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл күнге арнап барлығы үйлеріне шырша алып, бірге оны безендіреді. Көше бойы жарқырап, мерекенің келуін сезе бастайсың. Кешке қарай аспан түрлі түсті салюттерге толады. Жаңа жыл түні менің отбасым Президенттің құттықтауын есту үшін, телевизордың алдында жиналады. Президент құттықтау сөзін айтып жатқанда, мен өзімнің алдыма көптеген мақсаттар қоямын, ішімнен тілегімді тілеймін. Жаңа жылдың ең кереметі - ол менің отбасымның бірге жиналуы. Өтйкені менің отбасым мен үшін ең қымбатты.