М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nitkind
nitkind
27.03.2023 07:44 •  Қазақ тiлi

Тарихшылардың айтуынша астана тұрған орын гундардын ордасы болған. синтаксистік талдау,

👇
Ответ:
ankavasilenko2
ankavasilenko2
27.03.2023
Тарихшыларың-определение 
Айтуынша-сказуемое 
Астана-определение 
тұрған орын-подлежащее 
гунндардың-определение 
ордасы-дополнение
болған-сказуемое
4,5(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
olya355
olya355
27.03.2023
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж.)
Сегіз қырлы бір сырлы дарын.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. 

Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, Оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «Қазақ тілі» газетін өңдеу, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. 
Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан , А.С.Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдеби, эстетика, сын саласына араласты: сан қилы проблемалық мақалалар жазды. Сол сияқты «Күнікейдің жазығы», «Ақбілек» романдары, сан алуан пьесалары – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 
4,4(57 оценок)
Ответ:
поор2
поор2
27.03.2023

"Мамандық таңдау қиындықтары"

Мектеп бітірген кезде әр адам өзінің болашақ мамандығы жайлы ойланып бастайды. Көбісіне мамандық таңдау қиын болып келеді. Мектеп біткен сәтте, аз адам ғана өзінің неге бейімді екенін, өзінің таланттарын және қабілеттіліктерін біледі. Мен таңдаған мамандығым — Фельдшер болу. Бұл мамандықтың жақсы жақтары да, жаман жақтары да бар. Фельдшер қиындыққа тап болған адамға көмекке ең бірінші болып келеді. Фельдшер сол алғашқы көмекті көрсетеді. Бұл мамандыққа бар жауапкершілікпен қарау қажет, себебі дәл сол мезетте адамның өмірі Фельдшердің қолында.

Мамандықтың жақсы жақтарының бірі — мамандыққа әрқашанда сұраныстың көп болуы. Біраз тәжірибе алған соң, дәрігер болуға мүмкіндік бар, ол үшін оқуды әрі қарай жалғастыру керек. Тағы бір маңызды нәрселердің бірі — адамзатқа көмек көрсету.

Ал енді мамандықтың бұрыс жақтарына көңіл аударсақ. Жұмыс үлкен жауапкершілікті талап ететіндіктен, адам психологиялық ауыртпалықтарға көп беріледі. Сонымен қатар жауапкершіліктің кең ауқымы және әр түрлі шиеленістер, күнделікті тұрғыда әр түрлі адамдармен сөйлесу мамандық иесін шаршатулары мүмкін.

4,6(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ