М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vikasibarik
vikasibarik
26.03.2022 20:37 •  Қазақ тiлi

Нужно написать эссе на тему : олимпияда жеңімпаздары-қазақстан мақтанышы.​

👇
Ответ:
Маришка945
Маришка945
26.03.2022

Сәпиев Серік Жұманғалиұлы (1983 жылы 16 қарашада дүниеге келген) Қазақстандық әуесқой боксшы Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген, өмір сүреді және поезд жүргізеді. Тренер - Александр Владимирович Стрельников Екі дүркін әлем чемпионы (2007, 2009) Азия ойындары жеңімпазы (2010).

Бірқатар ірі турнирлердің медальдар мен жүлделерінің лауреаты. Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі, 2008 жылы Пекинде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, ол 64 келіге дейін жартылай финалға шықпай, салмағын жоғалтып, 69 кг салмаққа көшті. Лондондағы 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында финалда жарыс иесі - британдық Фредди Эванс 17-9 есебімен жеңіп, 69 кг дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.

4,4(97 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Valinka9999
Valinka9999
26.03.2022
Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.
4,6(13 оценок)
Ответ:
Віка579
Віка579
26.03.2022
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
4,5(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ