Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады: Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым… Түркі иелігінен айырылған халықты Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді. Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
1.Қазақтың мукалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысын келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойын, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халлыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күлер орындағанда пайданып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.2, Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді 1. Үрмелі аспап- духовой инструмент 2. Ұрмалы аспап-ударный инструмент 3. Ыспалы аспап- смычковый инструмент 4.Ішекті аспап-струнный инструмент. . Жетіген қазақ халқының өте ертеден келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Аспап ағаштан құралып жасалады. Оған он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аңыз бойынша “ЖЕТІГЕН” аспабы бір қарияның жеті баласынан айырылғандағы қасіретінен туған деседі. 3. Қол өнері — кілемде, Сөз өнері — өлеңде.
Ерінбеген етікші болады, Ұялмаған өлеңші болады.
Қазаншының еркі өзінде, Қайдан құлақ шығарса.
Әншейінде ауыз жаппас, Той дегенде өлең таппас.
Түйеге мінген қазақ, Төрт ауыз өлең біледі.
Елшіге өлім жоқ, Өлеңшіге өкім жоқ.
Сүйреңдеген қызыл тіл Сүйгеніңнен айырар; Иә жаубетін қайырар. 3. Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады.Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
4.Өздік етіс Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет)
Оқушылар ерте тұрып жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгі іс иесі (орындаушы) біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалып, әрі қимыл сол іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.