Сонымен, HTML деген не? HTML тегі нені білдіреді.
Мен бұл мақаламда HTML дегеннің не екендігіне тоқталып қана қоймай, HTML дің үйренуге қаншалықты жеңіл тіл екендігіне оқырмандардың көздерін жеткізгім келеді.Себебі, бұл тілді үйрену арқылы сіз қалай сайт жасалатынын сәл де болса ұғына аласыз.
HTML дегеніміз- ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді.Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады.
Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған.|
Әбу Насыр әл-Фараби (Оған Алланың рақымы болсын!) осы кітапты жазуды Бағдадта бастаған еді. 330 жылдың соңында кітаптың қолжазбасын өзімен бірге Шамға (Сирия) алып келеді. Кітапты 331 жылы Дамаск қаласында аяқтайды. Тексеріп шығады. Нұсқаға тағы бір көз жүгірте отырып, оған «әбуәб» (тараулар) қосады. Кейін келе адамдардың сұрауы бойынша кітаптың мағынасын білдіретін «фусул» (бөлімдер) және қосады. Бұл бөлімдерді ол 337 жылы Мысырда аяқтап, кітабына қосымша енгізеді. Ол алты бөлімнен тұрады» (Ибн Әби Усайбиа .‘Уйуну-л әнбә ’фи табақати-л атиба’. Каир, 1882 ж.).
Ортағасырлық араб жылнамашысы Әбу Усайбиа арқылы жеткен бұл хабар Отырар ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) атақты «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактаты мен трактатқа автор тарапынан кейін жазылған тараулар (әбуәб) және бөлімдер (фусул) жайында еді.
«Ізгілікті (қайырымды) қала...» ғалымның шоқтығы биік шығармаларының қатарына жатады. Кітап алғаш рет 1895 жылы Лейденде («Бирбил» ба басылып шықты. Нұсқаны баспаға әзірлеген арабтанушы ғалым Фридрих Дитрици (Fridrich Dieterici) (1821-1903) екені ғылымда белгілі жайт. Ғалым бұл кітапты Британия музейінде сақтаулы тұрған 425/3 нөмірлі (жаңа каталог бойынша – №7518) қолжазба мен Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорындағы №120/3 нұсқа негізінде баспаға дайындаған.
Әбу Насырдың әлем ойшылдарының ерекше назарында болып келе жатқан әйгілі «Ізгілікті (қайырымды) қала...» трактатының Әбу Усайбиа арқылы жеткен алты бөлімінің (фусул) жалғыз қолжазбасы 1961 жылы табылған. Трактаттың қолжазбасы туралы алғаш рет түрік ғалымы Ахмед Атеш (Аһmеd Атеş) (1917-1966) «Фараби шығармаларының библиографиясы» («Fârâbî‟nin Eserlerinin Bibliyografyası») атты библиографиялық көрсеткішінде (1961) атап өтеді.
Трактаттың қолжазбасы Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Сүлеймения кітапханасында 674 инвентарлық нөмірімен сақталған Қалаж Әби Паша нұсқасы. Қолжазба алпыс бес беттен тұратын (көлемі 11*19 ½ см) жинаққа (мұнда өзге де ойшылдардың еңбектері қамтылған!) енген қара сиямен, кейбір жерлері қызыл сиямен хатқа түскен көне нұсқа. Қолжазбаның атауы – «Фусул мәбәди ’әрә’ әһл әл-мәдинәти-л фадилати» («Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары негіздерінің бөлімдері») деп жазылған.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының ғылымға өткен ғасырдың соңғы ширегінде (1961 ж.) келіп қосылған бұл бөлімдерінің (фусул) қазіргі заманға сай ең алғашқы нұсқасын әзірлеген араб ғалымы Мұхсин Махди (1924-2007). Көне қолжазба толық өңдеуден өткеннен кейін 1968 жылы Ливанның Бейрут қаласында М.Махдидің басшылығымен тұңғыш рет басылып шықты.
Трактат бөлімдерінің қазақ тіліне аудармасын жасауда осы нұсқа басшылыққа алынды.
Аудармашыдан
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/208908-al-farabi-izgilikti-qayyrymdy-qala-turghyndarynynh-kozqarastary
© egemen.kz
- Сәлеметсіз бе.150 теңге тұрады.
- Маған 2 килограмм алма өлшеп беріңізші.
- Жақсы, сізден 300 теңге.
- Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!