Тіл туралы мақал – мәтелдер.
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
22. Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
23. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
24. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
25. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
Заттың атын білдіріп Кім? Не? сұрақтарына жауап береді. Зат есім түрлері: құрамына қарай:
Дара (простое – один корень)Мысалы: дала, бас, қалам.Күрделі (сложное – несколько корней)Мысалы: мекенжай, балабақша.тұлғасына қарай:
Негізгі (непроизводное – нет суффикса)Мысалы: мектеп, мысық.Туынды (производное – есть суффикс)Мысалы: әнші, аспаз.мағынасына қарай:
Жалпы (нарицательное)Мысалы: теледидар, үстел.Жалқы (собственное)Мысалы: Алматы, Татьяна, Қазақстан.Деректі (конкретное)Мысалы: үй, өзен, сиыр.Дерексіз (абстрактное)Мысалы: ақыл, ой, күн.Жанды (одушевленное)Мысалы: оқушы, мұғалім, адам.Жансыз (неодушевленное)Мысалы: кілем, тақта, қарындаш.Зат есімдердің көптік жалғауы – Множественное число существительных.Множественное число существительных в казахском языке образуется при окончаний -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер.
Мысалы: бала-лар, кітап-тар, дерек-тер.