Менің сүйікті пәнім - ағылшын тілі. Неліктен дейсіз бе? Біріншіден, жаңа тілді үйрену маған ұнайды. Тілмен бірге сол халықтың ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысасың. Екіншіден, ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады, яғни оны білу арқылы мен халықаралық қатынастарға түсуге, не басқа мемлекеттерден келген адамдармен оңай тіл табысуға мүмкін аламын. Үшіншіден, ағылшын тілін тереңірек оқыған сайын онда кездесетін "тұрақты тіркестер" (идиомалар), ауыспалы мағынада құралған сөздерге таңданамын. Тіпті өзімді жаңа материк ашқандай сезінемін! Төртіншіден, қазіргі таңда бар әдебиеттердің көбісі ағылшын тілінде жазылған. Ол әдеби кітап болсын, не ғылыми дерек болсын, көбісі ағылшынша. Сөйтіп, мен бұл тілді білу арқылы ой-өрісімді дамыта аламын. Міне, осы 4 аталған факторлар менің ағылшын тілін сүюіме себеп.
Егеменді еліміздің Елордасы Астана қаласына мерейлі 10 жыл толып отыр. Осы мерейтойдың құрметіне орай аудан мектептерінің оқушылары арасында «Астана – елдің жүрегі» атты шығармалар конкурсы ұйымдастырылған болатын. Сіздердің назарларыңызға жүлделі орындарға ие болған оқушылардың шығармаларынан үзінді келітіп отырмыз: Тәуелсіздік басымызға кондырған ең басты бакыт-өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды озіміз болжауымыз. Осындай таңдаудың бірі - ел Астанасын Сарыарканың киелі аспаны астына, қазақ топырағының кіндік тұсына кошіруіміз. Бұл, шешімнің қаншалыкты манызды екенін әрбір Қазакстандық жақсы біледі. Ал, жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он жылдың ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз ел кіндігі Арка төрінде тутіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси жзне экономикалық, мәдени орталығына айналып отыр. Мен өз Отанымды, Астанамды мақтан тұтамын ! Ғажайып шаһар тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдын торабыңдағы Еуразияның сәулетті қаласына айналып отыр.