Ән мен күйдің адамға әсері.
"Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй" деп Абай атамыз жазып кеткендей, ән мен күйдің адамның ішкі жан дүниесіне, сана - сезіміне әсері ерекше. Ән мен күй арқылы адамның көңіл - күйін көтеріп, қанаттандырып, жігерлендіруге, тіпті рухтандыруға да болады. Кей ғалымдардың пікірінше, тіпті соңғы кездері музыкалық емнің шипасы да үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Адамның жан дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы тыңдау пайдалылығы анықталуда. Әсіресе, классикалық жанрдағы музыка адамның жан дүниесіне ерекше әсер етіп, тыныштандыратыны баршамызға мәлім.
Бірақ әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасы орнына қарай әр түрлі музыканың әсері өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен, біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симфония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе керісінше әсер ететінін науқастардың өздері байқаған. Жан дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка ғарыштық жүйемен үндесе отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің жүйелі дамуына молдығы барын халық та және ғалымдар да ертеден білген.
Әдепті бала.
Халқымыз "Әдепті бала - арлы бала" деп бекер айтпаған. Әдептілік - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі, ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы. Яғни, әдепті бала ата – анасын жерге қаратпай, берген өнегелі тәрбиесін бойына сіңіріп, тек жақсы қылықтарымен, ізгі істерімен көзге түседі. Ал әдепсіз бала болса, керісінше ата – анасын жерге қаратып, «мынау кімнің баласы, көргенсіз екен» деген сөздер есітіп, ұялтады.
Дәстүрлі қазақ отбасында балаларды жастайынан үлкендерді сыйлауға, әдепті, кішіпейіл болуға үйретеді.
Сондықтан отбасы тәрбие бастауы болғандықтан, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында тек жағымды қасиеттер қалыптастыра білсе екен дегім келеді.