М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anton306
anton306
25.12.2022 07:08 •  Қазақ тiлi

Зеин шашкин , написать краткое содержание " доктор дарханов"

👇
Ответ:
Жазушы Зейін Шашкин 1912 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Бозшакөл дейтін жерде кедей шаруа семьясында туған. Руы қозған. Ата-анасы, туған-туысқандары 1913 жылы Бозшакөлден Жаймаға қазіргі 3. Шашкин атындағы шаруашылық орналасқан ауылға көшіп барып қоныстанып қалған. Оның бүкіл балалық шағы осы Қызылтау-Жайма өңірінде өтеді. Әкесі Жүнісбек жергілікті байларға қарсы бас көтергені үшін Сібірге айдалады. Айдаудан келгеннен кейін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске атсалысады. 1920-1930 жылдарда Зейін Павлодар қаласында орта мектеп кабырғасында тәрбиеленеді. 1930 жылдан бастап ол Москваның тарих, философия және әдебиет институтында оқиды. Сол кезден бастап әдебиетпен әуестенеді. Алғашқы шығармалары отызыншы жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Әдебиет майданы» журналында жарияланады. Өлеңдері, сын, зерттеу мақалалары, бірлі-жарым әңгімелері жарық көреді. Газет, баспа орындарында қызмет істейді, институтта сабақ береді. Әдебиет теориясы оқулығын даярлауға атсалысады. Бұл кезеңдегі әдеби еңбектерінің ішінде Абай поэзиясының тілі, Асқар Тоқмағамбетов творчествосы жайлы зерттеу мақалалары назар аударарлық. 1934 жылы Абайдың ақындық шеберлігі жөнінде жазған еңбегі жарық көреді. Ғалым Е. Ысмайыловпен бірлесіп жоғарғы оқу орындарына арналған әдебиет теориясы туралы оқулық жазады.Бірақ 1938 жылы «халық жауы» деген атпен 10 жылға сотталуына байланысты Зейін Шашкин біраз жылдар әдебиеттен қол үзуге мәжбүр болады. Дәрігерлік кәсіппен шұғылданып, медициналық қызметте тәжірибе алады, 1945 жылы Иркутск медицина институтын бітіреді. Кейіннен, елуінші жылдардың орта шеніне дейін Бурабайда Бармашы санаторийінде бірнеше жыл бойы дәрігер болады. «Наступило утро», «Таң атты» дейтін атпен 1955 жылы орыс тілінде жарық көрген тұңғыш повесін осында, дәрігерлік қызметпен ұшырастыра жүріп жазған. Осыдан кейін Зейін Шашкин Алматыға ауысып, жазушылық қызметпен біржола айналысады. Алғашқы повесін өңдеп, «Ұядан ұшқанда» деп ат қойып, 1957 жылы қазақ тілінде бастырып шығарған. Октябрьдің 40 жылдыға қарсаңында М.Гольдблатпен бірлесіп «Заман осылай басталады» атты пьеса жазады. Бұдан кейін қалың жұртшылыққа әйгілі «Тоқаш Бокин», «Теміртау», «Доктор Дарханов», «Сенім» романдарын, «Темірқазық» атты повесі мен әңгімелерін, пьесалар мен сценарийлер, очерктер мен мақалалар жазады.Зейін Шашкин өз шығармаларында дәрігерлер өмірін жан-жақты тереңдеп, зор білгірлікпен, шеберлікпен сипаттайды. «Доктор Дарханов» романында ғана емес, басқа да үлкенді-кішілі шығармаларында, повестері мен әңгімелерінде, пьесаларында, мақалаларында дәрігерлік өміріне жиі қайырылады. Бұлай етуі заңды да, Зейін Шашкин әмірінің едәуір мерзімін медициналық практикаға жұмсаған. 1946-1951 жылдары Бурабайда Бармашы санаториінде дәрігер-лотаринголог болып қызмет атқарған. Жәй көпқатарлы дәрігер ғана емес, өз мамамандығын жетік білетін, көп ізденгіш, көпке сүйкімді, шипалы дәрігер болған.Қазіргі заман тақырыбына, металлугтер өміріне роман жазуға бел байлаған жазушы. «Теміртау» романын жазуға кірісер алдында, екі жыл бойы ұдайымен даңқты өнеркәсіп ошағы Теміртау қаласына әлденеше рет барып айлап жатып, металлург жұмысшыларымен, инженер-техник мамандармен сан қабат кездескен. Заводтың өндірістік мәжілістеріне, жиналыстарына әлденеше рет қатынасып, цехтарды аралап, алуан-алуан еңбек процестерік көзбен көріп, болашақ қаһармандарымен дидарласқан.Зейін Шашкин шығармашылық кемеліне келген шағында, 1966 жылы 29 наурызда 54 жасында ауыр науқастан қайтыс болады. Ол қазақ әдебиетін дамытудағы жемісті еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президиумының грамоталарымен марапатталған.Зейін Шашкиннің шығармашылығы - мазмұн жағынан болсын, көркемдік сипаттары жағынан болсын, жан-жақты, қызықты мұра, құнарлы мұра.
4,8(17 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Bakeneko77
Bakeneko77
25.12.2022

Анама сыйлық

Жақын арада менің ең жақын адамым, маған ең қымбат адам, яғни менің анамның туған күні. Мен осы жолы анамның туған күніне не сыйлаймын? деп алдын - ала ойланып, дайындала бастадым. Әрине, мен әлі мектеп оқушысы болғандықтан анама қымбат сыйлық сатып алып бере алмаймын, дегенмен де қаржылай мүмкіндігім болмаса да, тосынсый жасағым келді. Сәби күнімде анама туған күні мен мерекелерге орай қолдан ашық хат жасап сыйлайтынмын, анам бұл сыйлығыма өте қатты қуанып, риза болатын. Қазір сәл бой жеткендіктен, анама арнап мерекелік кешкі ас дайындамақшы болдым. Қазір техниканың дамығаны қандай жақсы болды, ғаламтордан іздеген нәрсенің бәрін тауып алуға болады. Сөйтіп, мен өзіме керекті тамақ рецептін еш қиындықсыз тауып алып, әзірлеуге кірістім. Сонымен қатар қарапайым тәтті тоқыш да әзірлеп, үстіне қолымнан келгенше «Анашым, туған күніңізбен» деген жазу жаздым.  Кешке анам жұмыстан шаршап келгенде алдынан сүйікті тамағы мен тәтті тоқашты көргенде қуанышында шек болмады. Бұл жасаған тосынсыйым анамның көңілінен шыққанына мен де қатты қуанып қалдым. Әзірлеген тамағым да ойдағыдай шығыпты. Ендігәрі отбасы мүшелерін тамақ әзірлеп, жиі қуантып тұруға тырысамын.

4,5(55 оценок)
Ответ:
alinzik3
alinzik3
25.12.2022
Абай Кунанбаев казактын букил алем танып мойындаган корнекти акыны,композиторы,жазушысы.Абай атамыздын олендери жан беретиндей асерли,сонын ишиндегиси кыс олени.
Абай Кунанбаев озинин кыс атты такпагын Жан-танимен жеткизген. Қар көптен жауып, нағыз қыс болганын, Кун абден қысқарғанын, Куннін көзі көрінсе де жылынбайтынын суреттеп бергендей.Кыс мезгилинде озенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. 
Бул такпак маган оте катты унады жане кыстын бир самалы сезилгендей сезим билинди.
4,4(80 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ