М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Azozylya
Azozylya
13.05.2021 03:47 •  Қазақ тiлi

Текст" мой город - караганда". . заранее .

👇
Ответ:
Dinozavrik2525
Dinozavrik2525
13.05.2021

Менің туған қалам Қарағанды қаласы.Алып жатқан жерінің аумағы (577км²) жағынан республикадағы ең үлкен, халқының саны бойынша (423,7 мың адам 2003) төртінші (Алматы, Астана, Шымкенттен кейін) қаласы. Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды.Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда ҚР ҰҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғыл-зерт.және жобалау институттары (ҰҒА-ның химия-металлургия, фитохимия ғыл.-зерт.ин-ттары, Көмір ғыл.-зерт. ин-ты, «Гипроуглегормаш» жобалау ин-тары, т.б.) орналасқан. Қарағанды мемлекеттік университеті, тех.ун-т, медицина академиясы, заң ин-ты және әр саладан мамандар даярлайтын мемл. емес 10 жоғары оқу орыны жұмыс істейді. 10 кәсіптік –тех. мектеп, 39 мектепке дейінгі баладар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, муз. комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қарағандыны салудың бірінші бас жоспары 1936 жылы қабылданғанымен қаланы жоспарлы түрде дамыту 2-дүниежүз. соғыс жылдары тоқырап қалды. 1960 жылы жаңа бас жоба бойынша қаланы кешенді салу басталды. Индустриялық негізде Майқұдық, Оңт.-Шығыс ірі тұрғын массивтері салынды. Қаланың орталық бөлігі- Жаңа Қаланы салу негізінен аяқталды. 1960-85 жылы аралығында әлеум. және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандары бар инж. Жағынан толық қамта-масыз етілген 20-дан артық ірі шағын аудандар тұрғызылды. Қарағандының орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар тобы (арх. Э.Г. Меликов, С.И.Мордвинцев, М.О.Жандаулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды. (1978ж). Қарағандыда Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орна-тылды.(1958ж), «Шахтер Даңқы» (1976ж) және 2-дүниежүз. соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978ж) арналған монументтер қойылды. Елді индустрияландырудағы үлкен рөлі, 2- дүниежүз. соғыста ел экономика-сын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін қала Еңбек Қызыл Ту ордені-мен марапатталған (1984ж). Мен өз қаламды өте жақсы көремін. Туан қалам жайлы әлі де көп айтылған жоқ, өз қалам жайлы ататын жақсы сөздерім шексіз!

4,7(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ваня1234456786
ваня1234456786
13.05.2021

Елтаңба

Тәуелсіз мемлекетіміздің айрықша белгілерінің бірі - елтаңба. Елтаңбаның әрбір нышанында өзіндік ерекшелік, мән - мағына, ұлттық идея жатыр.

Мемлекеттік елтаңбамыздың негізі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ. Бұл – отанымыздың ошағы, біртұтастығы, бастауы. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Жұлдыздың бес бұрышы қазақтың кең пейіл құшағындай бес құрлыққа теңдей.

Ал екі жағындағы аңыз ертегілердегі, қанатты пырақтар - тәуелсіз Қазақстанымның мәңгілік өмірі мен шексіз дамуының белгісі. Қазақ жерінің, көп ұлтты елдің рухани байлығын көрсетеді. Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы. Елтаңба маңдайындағы жұлдыз «Бағымыз ашылып – жұлдызымыз жана берсін» - деген асыл арманымызды көрсетуде. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

4,7(51 оценок)
Ответ:
OBOShh
OBOShh
13.05.2021
Абай  Құнанбаев  (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың  ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр болса да,оның мәнгі өлмес шығармалары,халыққа мұра болып қалған,
Абай өз бетімен үйреніп,орысша кітаптарды көп оқыды,1880 жылдардың ортасынан бастап,Абай ақындық жолға түсті,Осы жылдан бастап,ол өлеңді үзбей жазуға тырысқан,Оның 1885 жылы жазған өлеңінде""Жасымда ғылым бар деп ескермедім'',Абай ғылым-білімді кезінде зерттей алмағынына өкініш білдіреді, Ал 1886 жылы жазған ''Ғылым таппай мақтанба,''Интернатта оқып жүр,талай қазақ баласы''деген өлеңдерде,ақын кейінгі ұрпаққа айтар өсиет түрінде жазылған,
Абайдың қай өлеңің алсаң,да ақынның келесі ұрпаұұа қалдырған өсиеті,''халқым'''.жұртым деп халықтың әлеуметтік жағдайын ойлап,ақын аңсаған,достыққа,махаббатқа үгіттейді,
Қазіргі заманда Абай өлеңдері бүкіл дүние жүзі ,отандық тарихымыз бен әдебиетімізде орын алды,Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге,Алматы Ұлттық университетіне,Алматы қаласындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театырына берілген,
Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті
4,7(44 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ