Абзац (нем. absatz - шегініс) - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау.
Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар Абзац сөзі мынадай мағыналарды білдіреді:
Бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі;
Азат жол. Жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс.
Мәтіндегі сөйлемдер бір бірімен айтылған ой арқылы байланысады.
Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?